Қазақстандық полицейлерге ала таяқ қайтарылады

1798

Ішкі істер министрлігі 1 қыркүйектен бастап қазақстандық полиция қызметкерлерінің ала таяқ қолдану тәжірибесін қайта қолға алмақ.   

Қазақстандық полицейлерге ала таяқ қайтарылады

 "Ала таяқты қайтару рәсімі заңнамалық өзгеріс пен оларды сатып алуға бюджеттік шығын шығаруға әкелмейді. Полицейлер 1 қыркүйектен бастап қайтадан ала таяқ ұстайтын болады деп жоспарланып отыр", - деп жазылған ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.          

ІІМ қоғамның, жүргізушілер мен автокөлік иелері одағының  жол қозғалысын реттеу үшін ала таяқты қолданған дұрыс деген пікірін сарапқа салғанын атап кетті

Сонымен қатар ала таяқ ЖКО және кептеліс кезінде көлік құралдарын бұру,  жол қозғалысын уақытша өзгертуге әкелетін жолды жөндеу жұмыстары кезінде, бағдаршам істемегенде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюда қолданылатын болады.

Сонымен бірге, ІІМ-нің хабарлауынша, жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда "таяқтарды қолданбай-ақ, көлік құралдарын тоқтата тұрудың қазіргі тәртібі -қолды ишарамен немесе арнайы жарық-дыбыстық сигналдар мен дауыс зорайтқыш құрылғыларды қолдану" сақталады.

2017 жылдан бастап Қазақстанда ішкі істер органдары қызметкерлері көлікті тоқтату үшін ала таяқты қолданбайтын болған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу