Бүгін парламент мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар Қазақстан -Түркімен мемлекеттік шекарасын шегендеуге қатысты келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды parlam.kz.
"Біз барлық көршілерімізбен келісімдер жасадық, онда бірлескен шекара сызықтарының қалай өтетіні нақты белгіленген. Енді шекараларды шегендеу жұмыстары жүргізілуде, - деді мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Мәжіліс төрағасы атап өткендей, осыған сәйкес құжаттарды қол қоюға дайындау бойынша жұмыстар дәл қазіргі уақытта Қырғызстан, Өзбекстан елдері бойынша қолға алынған, ҚХР бойынша бұл үрдіс аяқталды, сондай-ақ, қазақстандық-ресейлік шекараларды шегендеу жұмысы жалғасуда.
"Ендігі кезекте Қазақстанның барлық мемлекеттік шекараларын халықаралық-құқықтық рәсімдеу процесін барынша жедел бітіру қажет. Ол алдағы уақытта кез-келген аумақтық даулардың алдын алуға мүмкіндік береді", - деді Нұрлан Нығматулин.