Қазақстандық садақ атушылар командалық сында Олимпиадаға лицензия жеңіп алды

888

Команадалық сында Олимпиада ойындарына дәл әлем чемпионатында лицензия жеңіп алу үлкен абырой. 

Қазақстандық садақ атушылар командалық сында Олимпиадаға лицензия жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстандық садақ атушылар Нидерландыда өтіп жатқан әлем чемпионатында командалық сайыста Токиодағы Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды деп xабарлайды Olympic.kz.

Денис Ганькин, Санжар Мұсаев, Ильфат Абдулин 1/8 финалда Рио Олимпиадасының күміс жүлдегерлері АҚШ садақшыларын 6:0 есебімен жеңді. Лицензияны иелену үшін әлем чемпионатының ширек финалына шықса жеткілікті. Соңғы рет командалық сайысқа сонау 2000 жылы Сиднейдегі Олимпиада ойындарына қатысқан едік.

Садақ атудан Қазақстан командасының бас жаттықтырушысы Григории Ким Нидерландыдағы әлем чемпионатында командалық сында Олимпиада ойындарына жеңіп алған лицензия туралы Olympic.kz сайтына айтып берді.

"Команадалық сында Олимпиада ойындарына дәл әлем чемпионатында лицензия жеңіп алу үлкен абырой. Лицензияларды әдетте Азия чемпионаттары мен әлем кубогының соңғы кезеңдерінде алушы едік. Бүгінгі жетістік еліміздің абырой көрсетеді. Осы әлем чемпионатында олимпиадалық жолдаманы ие болатынымызға сенімді болдым. Енді осы жарыста финалға шығуға тырысамыз", - деді Григорий Ким.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу