Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы бәйгеде жеңіске жетті

456

Сәйгүлік екі апта демалыстан кейін, Al Maktoum Challenge екінші кезеңіне қатысады.

Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы бәйгеде жеңіске жетті Фото: Pixabay

Дубайдағы Мейдан ипподромында өткен беделді бәйгеде қазақстандық Кабирхан есімді тұлпар жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

12 қаңтарда өткен жарыста сәйгүліктер 200 метрге шапқан. Нәтижесінде, Шабандоз Пэт Доббс мінген Кабирхан 13 жылқының ішінен мәре сызығына бірінші болып жеткен.

Сәйгүліктің жеңіске жеткен видеосын қазақстандық жанкүйерлер әлеуметтік желіде жариялады.

- Қазақстандық Кабирхан жылқысы Дубайда өткен бәйгеден әлемдік турнирде алғаш рет жеңіске жетті. Бұл - сенсация, - деп жазды видео авторы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу