Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындары мен колледждерінің оқыту бағдарламаларына Халықаралық дзюдо жүйесі кезең-кезеңмен енгізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Дзюдо элементтері де Қарулы күштер әскери қызметшілерінің дене шынықтыру сабақтарына біріктірілмек. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға ерекше назар аударылатын болады.
Халықаралық дзюдо федерациясы мен "Жеңіс" клубының қолдауымен әскери білім беру ұйымдарын татами, спорттық жабдықтармен және кимономен қамтамасыз ету көзделген.
Сонымен қатар, курсанттар арасында дзюдо лигаларын құру жоспарланып отыр. Мұндай бірлестіктер техникалық шеберлікті арттыруға, бәсекелестікті дамытуға және осы спорт түрін танымал етуге ықпал етеді.