Қазақстандық сарбаздарға қатысты қуанышты жаңалық жарияланды

Олар енді әскерде смартфон пайдалана алады.  

Қазақстандық сарбаздарға қатысты қуанышты жаңалық жарияланды Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабековтің айтуынша, қазір осынбай бұйрық шыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Ол мерзімді әскери қызметтегі сарбаздарға смартфон пайдалануға қойылған тыйымның алынуы туралы айтты. 

– Қорғаныс министрінің осындай бұйрығы бар. Қарулы күштердің режимдік нысандарынан тыс жерде смартфон қолдануға рұқсат етілді. Бұл рұқсат мерзімді қызметтегі барлық сарбазға қатысты, – деді вице-министр.

Қызығы сол, смартфон қолдануға барлық әскер түрі мен құрамаларында, барлық жерде рұқсат етілген. Десе де, ескере кетерлік бір жайт бар. 

– Бірақ, ата-аналар ұлдарына кез келген уақытта смартфон арқылы хабарласа алмайды, яғни белгіленген уақыт бар. Себебі, сарбаз кез келген уақытта жауап бере алмайды: ол атыс жаттығуында, оқу-жаттығуда болуы мүмкін және тағы басқа жағдайлар болады. Әскери бөлім командирі нақты уақытты белгілейді, сол кезде сарбаздар телефон пайдалана алады. Бұл ақпарат алдын ала жеткізіледі, – деп нақтылай түсті Асқар Мұстабеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу