Қазақстандық сейсмологтар Ауғанстандағы жер сілкінісін тіркеді

295

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 844 шақырым жерде орналасқан.

 Қазақстандық сейсмологтар Ауғанстандағы жер сілкінісін тіркеді Фото: freepik

Қазақстан ұлттық деректер орталығының мамандары Ауғанстанда магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сейсмологтардың мәліметінше, жерасты дүмпуі 15 қараша күні Астана уақытымен сағат 06:05-те болған. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 844 шақырым жерде орналасқан.

Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 36,90 градус, шығыс бойлық 70,80 градус. Магнитудасы mb=6,1. Энергетикалық класс K=12,7. Тереңдігі h= 109 км.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу