Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы 23 қараша күні үш жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Біріншісі Астана уақытымен 10 сағат 45 минут 43 секундта болды. Жер сілкінісінің координаттары: 40,906 N. 77.759 Е. Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан оңтүстікке қарай 265 шақырым жерде орналасқан.
Екіншісі – 13 сағат 32 минут 57 секундта тіркелген. Жер сілкінісінің координаттары: 39,319 N. 71.598 Е. Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 620 шақырым жерде орналасқан.
Үшінші – 15 сағат 06 минут 53 секундта тіркелді. Жер сілкінісінің координаттары: 42,060 Н. 80.481 Е. Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 319 шақырым жерде орналасқан.