Бір түнде Қытайда бірнеше жер сілкінісі болды, Қазақстан тұрғындары жер сілкінісін сезбеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 26 қаңтарға қараған түні бірнеше жер сілкінісін тіркеді. Олардың барлығы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 272-287 шақырым жерде Қытайда болған. Жерасты дүмпулерінің уақыты – 3:11, 4:38, 6:17, 7:14 және 7:55 (Астана уақыты бойынша). Қазақстан аумағында жер сілкінісі байқалмады.
Айта кетейік, алматылықтар сезген қазақстандық сейсмологтар тіркеген төтенше жер сілкінісі сағат 02:01-де болған. Алматы мен Талғардағы жер сілкінісінің сезгіштігі екі баллды құрады.