Қазақстандық шахматшы атақты Магнус Карлсенді тізе бүктірді

459

Турнирдің жүлде қоры 108 250 долларды құрайды. 

Қазақстандық шахматшы атақты Магнус Карлсенді тізе бүктірді Фото: kazchess.kz

Катар астанасы әлемдегі ең мықты турнирлердің бірі  - Дохада Qatar Masters Open өтуде. Оған тек рейтингі 2300 және одан жоғары ойыншылар ғана қатыса алады. Биыл аталмыш турнирде 44 елден 252 шахматшы бас қосты. Қатысушылар арасында 60-тан астам гроссмейстер бар. 11 қазанда басталған турнирге гроссмейстерлер Магнус Карлсен, Хикару Накамура және басқа да шахмат алыптары қатысуда.

Биылғы турнирде павлодарлық гроссмейстер Әлішер Сүлейменов алғашқы сенсацияның авторы атанды. Екінші кезеңнің өзінде-ақ жеребеде оның қарсыласы әлемдік рейтинг көшбасшысы болатынын белгілі болды. Ол аты аңызға айналған Магнус Карлсеннің өзі. Рейтинг бойынша гроссмейстерімізден 300-ден астам ұпайға асып түскен Норвегия чемпионы қарсыласына лайықты құрмет көрсетпей, ойын ортасында бірнеше үстірт қимылдар жасап, лайықты жазасын алды.

Ал Әлішер ұлы Магнустың алдында еш тартынбады және өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланып, жүрісінен еш жаңылмады. 31-ші жүрісте Карлсен сағатты тоқтатты. Ал Әлішер сенімді жеңіске жетті.

Турнирге ұлттық құрамамыздың басқа да мүшелері қатысуда: Ринат Жұмабаев, Бибісара Асаубаева, Қазыбек Нөгербек, Алуа Нұрманова.

Айта кетейік, FIDE әлемдік рейтингінде Сүлейменов 528-ші орында болса, ал Карлсон бірінші орында. Әлішер өткен жылы шахмат олимпиадасында ұлттық құрама сапында да өнер көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу