Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді

992

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әйелдер арасында блиц бойынша әлем чемпионы атанған ең жас шахматшы әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді

"Бұл жетістік 2021 жылы 30 желтоқсанда Польшада өткен блиц бойынша әлем чемпионатында шахматшының жеңісі үшін тіркелді. Рекорд орнату кезінде Бибісара 17 жас 307 күнге толған", – дейді Қазақстанның шахмат федерациясынан.

Айта кетсек, бұл Қазақстан үшін тарихи оқиға. Себебі Бибісара Асаубаева рекордтар кітабына енген алғашқы отандасымыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу