Байрақты бәсекеде Азияның 15 елінен келген 74 ойыншы бақ сынады. Олардың арасында 9 халықаралық әйел гроссмейстер, 8 халықаралық спорт шебері, 22 спорт шебері болды.
Тартысты таласта Бибисара Асаубаева қарсыластарын қапы қалдырып, биыл 25 қазан мен 8 қараша аралығында Рига қаласында өтетін FIDE Women’s Grand Swiss 2021 турниріне қатысу құқығын жеңіп алды.
Айта кетейік, аталмыш турнир 2021-2023 жылдардағы әлем чемпионатына іріктеу циклінің бір бөлігі саналады. Швейцариялық жүйе бойынша өтетін турнир 11 раундтан тұрады. Жарысқа әлемдік деңгейде өнер көрсетіп жүрген 50 шахматшы қатысады.
Қанат Махамбет