Қазақстандық шахматшылар жоғары дивизионда көш бастады

664

Шахматтан Қазақстан ұлттық құрамасы қарсылас шыдатпай жатыр. 

Қазақстандық шахматшылар жоғары дивизионда көш бастады

Бүкіләлемдік онлайн олимпиадада Жансая Әбдімәлік төрт дүркін әлем чемпионы Хоу Йифаннан басым болды. Ал Бибісара Асаубаева алты ойынның барлығында жеңіске жетті. 

Дәл қазір ұлттық құрама жоғары дивизионда көш бастап тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Рамазан Жалмаханов, Денис Махнев, Ринат Жұмабаев, Рустам Хуснутдинов, Гүлісхан Нахбаева, Қазыбек Нөгербек сынды шахматшылар да өте жақсы өнер көрсетіп, Грузия, Индонезия, Румыния, Армения, Грекия елдерінен келген қарсыластарын қапы қалдырды.

Жоғары дивизионда қытай споршыларын артқа тастаған Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары енді Иран, Моңғолия және Австралия мемлекеттерінің шахматшыларымен кездеседі. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу