Алматыдағы Универсиада-2017-де шаңғы спорты бойынша жарыс аяқталды деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық шаңғышы Иван Люфт "алтын" алды, сондай-ақ "лаки лузер" ретінде ақтық жарысқа жолдама алды. Олжас Климинге медаль алуға сәл ғана жетпей қалды, ол төртінші болып келді.
Айта кету керек, әйелдер спринтінде екі ресейлік спортшының соңынан мәреге жеткен қазақстандық Анна Стоян қола медальді жүлделеді.
Қазақстан үшін бұл алтыншы алтын және Универсиада-2017 жалпы есебіндегі 15-медалі болды. Жалпыкомандалық медаль есебінде Қазақстан екінші орынды иеленіп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу