Қазақстандық шаңғышылар Италиядағы FIS-старт жарысының екінші күнінде 5 медаль жеңіп алды

307

Спортшылар масс-стартта жетістікке жетті. 

Қазақстандық шаңғышылар Италиядағы FIS-старт жарысының екінші күнінде 5 медаль жеңіп алды Фото: pixabay.com

Жасөспірімдер арасында қысқы спорт түрлерінен Олимпиадалық дайындық орталығының шаңғы жарыстары Мария Геращенко мен Сұлтан Базарбеков көш бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елизавета Толмачева күміс, Дастан Қалибеков қола жүлдегер атанды. U-18 тобында (Жастар арасындағы қысқы Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңі) Виолетта Митропольская екінші орынды алды.

Сондай-ақ, үздік ондыққа Артем Завьялов пен Сабина Сүлейменова кірді.

Айта кетейік, FIS-старт COPPA ITALIA жарысы Саппад қаласында өтті.

Жарысқа Аргентина, Болгария, Венгрия, Италия, Қазақстан, Сербия, Словениядан 130-дан астам спортшы қатысты.

Жалпы, халықаралық жарыстарда қазақстандық шаңғышылар 6 медаль жеңіп алды. Соның ішінде, 2 алтын, 2 күміс және 2 қола бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу