Қазақстандық шаштаразшы Еуропада өткен халықаралық жарыста үздіктер қатарынан көрінді. Бұл туралы "Кәсіпқор" холдингі" басқарма төрағасының міндетін атқарушысы Әсима Бимендина айтты, деп хабарлайды ortcom.kz.
2018 жылдың 26-28 қыркүйек аралығында Будапешт қаласында Венгрия мемлекетінде "EuroSkills" жастар жарысы өткізіліді. WorldSkills Europe ұйымына 28 мемкелет кіреді.
WorldSkills Kazakhstan жобасының мақсаты жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және дәріптеу. Орта және кәсіптік білім беру мекемелерінде маман тапшылығын азайтып, бәсекеге қабілетті, әрі инновациялық даму жолына түскен еліміз үшін аса қажет кадр дайындауда қосып отырған үлесі зор.
Жарыс құрылыс, өндіріс және машина жасау технологиялары, роботты техника, көлік пен логистика және басқа салалардағы 37 жұмыс мамандығын қамтиды. Ал біздің елімізден жас мамандарымыз 23 құзіреттілік бойынша бақтарын сынамақ.