Қазақстандық скрипкашы Рим папасының алдында өнер көрсетіп, батасын алды

371

Өнер иесі әлемге әйгілі басшыдан естелік сыйлық та алды.   

Қазақстандық скрипкашы Рим папасының алдында өнер көрсетіп, батасын алды Фото: kaztag.kz

Қазақстандық скрипкашы Ерасыл Хамит Ватиканда концерт беріп, Рим Папасының ықыласына бөленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз Мәскеу консерваториясының профессоры Сергей Кравченконың шақыруымен әлемдік сахналарда өнер көрсетіп жүр. 

Ерасыл П.И.Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының жанындағы Орталық музыкалық училищеде оқуын жалғастырып, Мәскеу консерваториясында тұрақты концерттер беріп келеді. Сондай-ақ, Спиваков қорының стипендиаты болды.

Оқуын аяқтағаннан кейін, Зальцбургтегі профессор Пьер Амойалдың сыныбына оқуға түседі. Қазір скрипкашы оқуын Венада профессор Анна Кандинскаяның сыныбында жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, скрипкашы Ерасыл Хамит Алматыда дүниеге келген. Санкт-Петербургте оқып жатыр. Халықаралық байқауларда жоғары жүлделі орындарға ие болып келеді. Сонымен қатар, әйгілі симфониялық оркестрлермен бірге өнер көрсетіп жүр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу