Қазақстандық спортқа бөлінетін қаржы 300 млрд теңгені құрайды

262

Тек ҚР Туризм және спорт министрлігі бюджетінен 62 млрд теңге бөлінеді.

Қазақстандық спортқа бөлінетін қаржы 300 млрд теңгені құрайды Фото: inbusiness.kz

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қазақстанда спортты дамытуға қанша қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Бөлінетін қаржыға келер болсақ, республикалық бюджеттен спортқа шамамен 62 млрд теңге бөлінеді. Яғни құрылыс объектілеріне кететін қаражатты, біздің мекемелерде жүргізіп жатқан жөндеу жұмыстарының шығындарын санамағанда. Сонымен қатар бұл — біздің "Кора спорты" қорының қаражаты — шамамен 29,5 млрд теңге, жергілікті бюджеттерден алынған қаражат, яғни әкімдіктер бөлетін шамамен 200 млрд теңге де жоғарыдағы сомаға кірмейді. Жалпы алғанда, біздегі спорт саласы 300 млрд теңгеге өмір сүреді деген сөз", — деді Ермек Маржықпаев.

Осы жылы 250 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді қамту үшін жергілікті атқарушы органдар 43,2 млрд теңге бөлгенін жазған болатынбыз. Нәтижесінде 220 мың балаға арналған ваучерлер іске қосылды, яғни 6 мыңнан астам спорт секцияларына тегін қатысуға мүмкіндік туды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу