Қазақстандық спортшы әлем рекордын жаңартты

965

Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай танымал спортшы Сергей Цырульников 37 секундта 4 тағаны иіп, әлем рекордын жаңартты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Қазақстандық спортшы әлем рекордын жаңартты

Іс-шараға Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлімова, Қазақстан спортшылар одағының төрағасы Азамат Қарлығашев қатысты.

Алдымен олар Қажымұқан ауылында балуанның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Кейін жиынға қатысушылар күш жаттығуынан әлемнің 4 дүркін рекордшысы, танымал спортшы Сергей Цырульниковтың өнерін тамашалады. Ол 37 секундта 4 тағаны иіп, әлем рекордын жаңартты.

"Әр тағаның біреуі шамамен 940 келі салмаққа төтеп береді. Оны біз арнайы тексердік. Бұл жай тағалар емес. Олар Нидерландыда жасалған, өте берік", - деді Қазақстандағы Гиннестің рекордтар кітабының өкілі Қуандық Құдайбергенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу