Қазақстандық спортшы армрестлингтен әлемнің 26 дүркін чемпионын жеңді

1046

Сарыбай Ердаулет қарсыласы Юсуф Илдызоглуны 3-0 есебімен жеңді.

Қазақстандық спортшы армрестлингтен әлемнің 26 дүркін чемпионын жеңді

Түркияның Ыстамбұл қаласында қол күрестен шығыс пен батыс елдерінің спортшылары арасындағы жекпе-жек мәресіне жетті. Аталған сайыста ел намысын Онғарбаев Қыдырғали және Сарыбай Ердаулет сынды спортшылар қорғады.

Сарыбай Ердаулет әлемнің бірнеше дүркін чемпионы түркиялық Юсуф Илдызоглуны 3-0 есебімен жеңді, деп хабарлайды inbusiness.kz "Шардара Армспорт" спорт клубының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Ал жарыстың ең басты сайысы Оңғарбаев Қыдырғали мен Америка Құрама Штаттарының атақты спортшысы Әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Джон Брзенк арасындағы жекпе-жек өте тартысты өткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу