Қазақстандық спортшы джиу-джитсудан әлем чемпионы болды

1213

Қазақстандық спортшы джиу-джитсудан әлем чемпионы болды

Қазақстандық спортшы Османжан Қасымов Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qsport.kz.

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында Османжан қарсыластарын қоғадай жапырып, әлемдегі ең үздік джитсер екенін көрсетті. 77 келіде сынға түскен отандасымыз төрт белдесу өткізіп, барлығын айқын басымдылықпен ұтты. Алтын жүлде үшін белдесуде жергілікті спортшы Салоуд Алхмадидің мысын басып, әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, Османжан Қасымов аралас жекпе-жектен де, грепплинг күресінен де сынға түсіп жүр. Ол сегізбұрышта 4 жекпе-жек өткізіп, 3 мәрте жеңіске жеткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу