Қазақстандық спортшы халықаралық Oceanman және Ultraoceanman додасында екінші орын алды

405

2 қыркүйекте Португалияда Мадейра аралында Oceanman және Ultraoceanman жүзуден дүниежүзілік сайыс өтті. 

Қазақстандық спортшы халықаралық Oceanman және Ultraoceanman додасында екінші орын алды Фото: Oceanmanswim.com

Қатысушылар Атлант мұхитында бақ сынасты, басты мақсат — 30 шақырымды кім бәрінен бұрын еңсеретінін анықтау. Қазақстандық Ринат Рачапов 8 сағат 34 минут уақыт көрсеткішпен күміс алқаны қанжығасына байлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Шілде айында ол бес және бір жарым шақырым қашықтықта Oceanman Kazakhstan абсолютті чемпионы атанды. 

Сонымен қатар үшінші қыркүйекте өткен Португалиядағы су марафонында біздің спортшы Нұргүл Нүсіпжанова да жеңіс тұғырынан көрінді — үшінші орын иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу