22 жастағы қазақстандық спортшы Олжас Ерланов Кара-Балтада (Қырғызстан) EFC Global 33 аралас жекпе-жек турниріне қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Sports.kz сілтеме жасап.
Қазақстандықтың қарсыласы 18 жастағы қырғызстандық спортшы Дастан Каныбекуулу болды. Аса жеңіл салмақтағы (57 келіге дейін) жекпе-жек үш раундқа жоспарланған еді, бірақ екінші бес минутта техникалық нокаутпен аяқталды.
Ерланов қарсыласының арқасына жармасып, соққылады. Осыдан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатты. Бұл – екі спортшының да кәсіби мансабындағы дебюті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу