Қазақстандық спортшы Ыстықкөлді 13 сағатта жүзіп өтті

722

Виталий Худяков олимпиадаға бір жыл қалғанда ерекше нәтиже тіркеді.

Қазақстандық спортшы Ыстықкөлді 13 сағатта жүзіп өтті

Токио Олимпиадасы жолдамасының иегері, бірнеше дүркін Азия чемпионы Виталий Худяков Ыстықкөлді жүзіп өтті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

56 шақырым қашықтықты жүзіп өткен ол бұл нәтижесін Токиодағы Олимпиада ойындарына арнаған. Себебі, 5 тамыз күні төртжылдық додасында ашық суда жүзуден жарыс басталуға тиіс еді.

Худяков 5 тамыз күні Шолпан-Ата уақытымен 5:15-те жүзуді бастап, Каджи-Сая жағажайына жетті. Судың темпертаруасы 18-19 градус, ал жалпы қашықтық – 56 шақырым. Ыстықкөлдегі ең терең жер 523 метрді құраған.

Жалпы алғанда, Виталий Худяков Ыстықкөлді 13 сағат 18 минутта жүзіп өтті. Аталған уақыт пен қашықтықты Қырғызстан жүзу федерациясының өкілі Ахмет Анарбаев тіркеген. 

"Мұндай нәтиже көрсеткеніме қуаныштымын. Дайындық бекерге кетпеді. Келесі жылы өтетін Олимпиада ойындарында жанкүйерімді қуантамын деген үміт бар", – дейді Худяков. 

"Былтыр Виталий Токиодағы Олимпиада ойындарына жолдама алдық. Виталий екеуміз Олимпиадаға арналған ерекше оқиға дайындағымыз келіп, Ыстықкөлді жүзіп өту керек деп шештік.  Әлемдегі қазіргі жағдай болмағанда, осы күні Олимпиада ойындарында бақ сынап жатар едік. Шынымды айтсам, жүзу кезінде Виталиді төрт рет тоқтатқым келді. Өйткені, ұлым үшін қатты уайымдадым. Бірақ ол соңына дейін шыдап, есте қаларлық нәтиже тіркеп отыр. Дайындықты жазда, қысқа шақырымдардан бастадық. Жүзу басталатын күні Виталий бәріне де дайын болды. Сол себепті, осындай жетістікке жетіп отыр. Оның бұл көрсеткішімен мақтанамын, келесі жылы Олимпиада ойындарында жанкүйерлерді қуантамыз деп сенемін", – дейді спортшының бапкері. 

Айта кетелік, Виталий Худяков Ақтөбе облысының атынан сынға түседі. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол төрт рет Азия чемпионатында топ жарған (2013, 2017, 2018, 2019). Сондай-ақ, 2014 және 2016 жылдары Виталий Худякоы Жағажай ойындарында жеңіске жеткен. Әлем чемпионатындағы ең үздік нәтижесі – жетінші және тоғызыншы орын.  2016 жылы Рио Олимпиадасында бақ сынады. Қазіргі сәтті Худяковтің қоржынында Токио Олимпиадасының жолдамасы бар.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу