Sportsmole.co.uk басылымы әлемдік теннистің үздік он жас жұлдызының тізімін құрастырды. Оған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
"2019 жылы US Open титулымен аяқтаған Андрееску мен 2020 жылғы Рыбакина арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Қазақстанның атынан өнер көрсететін 20 жастағы теннисші өткен шілдеде алғашқы жүздікке еніп, биыл 36-шы орыннан 17 позицияға көтерілді. WTA Tour титулын иеленді және өткен айда Дубайда София Кенин мен Каролина Плишкованы жеңіп, үш финалға жетті", –деп жазады Sports.kz.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Рыбакина алғаш рет өз мансабында әлемдік рейтингтің ТОП-20-сына кіріп, тарихи жетістікке қол жеткізді.