Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиада ойындарына 60 лицензия жеңіп алды

955

Олар Бейжіңде өтетін додада жеті спорт түрінен сынға түседі. 

Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиада ойындарына 60 лицензия жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына 60 лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап. 

"Бүгінгі күнгі жарыстардың қорытындысы бойынша жеті спорт түрінен (шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, шаңғы скандинавикалық аралас, фристайл (могул, акробатика), тау шаңғысы, шорт-трек, конькимен жүгіру) қазақстандық спортшылар 60 лицензия жеңіп алды", – деді комитетте.

Министрліктің мәліметінше, Олимпиада ойындарына дейін қазақстандық спортшылардың тағы 20 лицензиялық турнирге қатысуы жоспарланғандықтан, 48 спортшы 90-ға жуық лицензияның иегері бола алады деп болжануда.

"Соңғы іріктеу лицензиялық жарыстар 2022 жылдың қаңтарында өтеді, ал квота мен лицензияларды бөлу 2022 жылдың 16 қаңтарында аяқталады. Осыдан кейін Қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін Қазақстан Республикасының делегациясы жасақталады", – деп хабарлады комитет.

Айта кететіні, 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу