Қазақстандық спортшылар Mussanah race week халықаралық турнирінде топ жарды

743

Оманның Маскат қаласында желкенді спорттан халықаралық Mussanah race week турнирі мәресіне жетті.

Қазақстандық спортшылар Mussanah race week халықаралық турнирінде топ жарды

Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында қос қазақстандық спортшы жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған санат бойынша Карина Жанғазова көш бастап, жарыс жеңімпазы атанды. Ал оның командаласы Яна Белозерова болса Қазақстан қоржынынына қола жүлдені салды.

Айта кетерлігі, аталған жарыс Маскатта (Оман) 24 ақпан мен 1 наурыз арасында өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу