Қазақстандық спортшылар пара каратэдан Азия чемпионатында 4 медаль жеңіп алды

380

Жарысқа 6 мемлекеттен 50 спортшы қатысты. 

Қазақстандық спортшылар пара каратэдан Азия чемпионатында 4 медаль жеңіп алды Фото: Prosports.kz

21-23 шілде аралығында Малайзияның Малакка қаласында пара каратэдан Азия чемпионаты өтті.

Азия біріншілігінде Қазақстан тарапынан 5 спортшы қатысып, 2 "алтын" және 2 "күміс" медаль жеңіп алды.

Атап айтсақ, Ләззат Жүсіпова, Хазгүл Измағамбетовалар жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алса, Дидар Мұхамеджанов, Нұржайна Жаннетовалар ел қоржынына қос күміс жүлдені салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу