Қазақстандық стартап жоба тиімді IT-шешім жасап шығарды

2367

Қазақстандық стартап жоба – Tastamat жеткізу терминалдар желілерін дамыту жобасы бойынша 466 мың қаражат көлемінде инвестиция тартты. Жобаны BeInTech Ventures компаниясы қаржыландырды

Қазақстандық стартап жоба тиімді IT-шешім жасап шығарды

Toolpar командасы Қазақстан нарығына пошталық операторлар мен ғаламтор-дүкендерге шығынды 30%-ға дейін азайтуға мүмкіндік беретін отандық  терминалдарды қолдануды ұсынады.

Жеткізу терминалдары Қазақстан нарығында бірнеше жыл бұрын пайда болғанымен, оларды орналастыру жұмыстары мен пошталық операторлардың қызмет көрсету шығындары өте жоғары болды. Стартап ғаламтор-дүкендер мен пошта компаниялары үшін терминалды пайдалану шығындардын азайтатын тиімді IT-шешім жасап шығарды.

IT-шешім қысқа уақыт ішінде елорда аймағында терминалдық жүйені таратуға мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда Астана қаласында 47 терминал қолданыста және Алматы қаласында 93 терминал пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта терминалдар желісін "Қазпошта" мен бірнеше ғаламтор-дүкендері тестілеуден өткізуде. Терминалдардың алғашқы тұтынушылары  – жеке тұлғалардан тапсырыстар келуде.

"Электронды коммерция нарығы өте қарқынды дамуда екенінен xабардармыз. Статистикаға назар аударсақ, ғаламтор-дүкендерден тапсырыс беретін қазақстандықтар саны жылдан-жылға арту үстінде. Сәлемделер көлемі артуда, ал почталық операторлар мен ғаламтор-дүкендерге сәлемдемелерді сақтау үшін жеке шоу-рум мен қоймалар ашу тиімсіз болып табылады. Арнайы терминалдар арқылы бірден клиентке жіберу әлдеқайда тиімдірек. Өз кезегінде клиент те пошта бөліміне бару үшін немесе жеткізуші қызметі үшін артық шығын шығармайды. Тағы айта кетерлігі, тастаматтар Астана қаласындағы бірнеше тұрғын үй кешендерінде орнатылған, тіпті клиентке сәлемдемені алу үшін үйден шығу да міндетті емес", – дейді "Toolpar" ЖШС, Tastamat жобасының жетекшісі Азамат Алимбаев.

Компания жыл соңына дейін терминалдар желісін Қазақстан бойынша таратуды жоспарлауда. Болжам бойынша терминалдар саны 1000-нан асуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу