"Аңдамай сөйлеген, ауырмай...": Блогерге тіл тигізген әзілкеш қамауға алынды

321

Оған ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі). 

"Аңдамай сөйлеген, ауырмай...": Блогерге тіл тигізген әзілкеш қамауға алынды Фото: freepik

Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Айыпталушы ойын-сауық мекемесінде стендап көрсету кезінде жиналғандарға қатысты әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған.

Ол өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.

Сот айыпталушыны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу