Қазақстандық студент Санкт-Петербургте қамауға алынды

168

Аталған іс аясында кемінде алты адам ұсталған.  

Қазақстандық студент Санкт-Петербургте қамауға алынды Фото: www.kommersant.ru

Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің магистранты, Қазақстан азаматы Гарри Азарян терроризмге шақыру дерегі бойынша ұсталып, екі айға қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Тергеу органдарының мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында Азарян Жұмысшы күші ұйымының съездерінде революция тақырыбында пікір білдірген.

Алайда студент өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтып, сотта кінәсіздігін дәлелдейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ ол Ресей Федерациясына ешқандай қауіп төндірмейтінін жеткізді.

Гарри Азарян – олардың ішінде тұтқындалған жалғыз адам. Қалған күдіктілер іздеуде жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу