Қазақстандық студенттер халықаралық арбитраж байқауына қатысады

484

Дүбірлі додаға елден екі университет тәлімгерлері барады.  

Қазақстандық студенттер халықаралық арбитраж байқауына қатысады Фото: gov.kz

Байқау сәуірде Гонконг және Вена қаласында өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Кеше осы сайыстың алдын ала кезеңі Астанада қортындыланды. Оған 16 елден 100-ден астам студент қатысқан еді. Оларға халықаралық іскерлік дауларды шешу тапсырмасы берілді. Жастардың біліктілігін 50 арбитр мен заңгер бағалады. Нәтижесінде, өзбекстандық студенттер жеңімпаз атанды. Айта кетейік, дәстүрлі байқау Астанада қатарынан үшінші жыл ұйымдастырылып отыр.

"Мұндай байқаулар болашақ заңгерлердің біліктілігін арттырып, студенттерге теңдесіз тәжірибе жинауға көмектеседі. Сіздердің мемлекеттеріңіз халықаралық арбитраж байқауларының орталығына айналуға дайын екенін көрсетті. Биылғы басты сайысқа 60 елден өтінім келіп түсті. Өткен жылы олардың саны 40 еді", - дейді АХҚО соты және ХТО тіркеушісі Кристофер Кэмпбелл-Холт.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу