Қазақстандық студенттер халықаралық байқаудың финалында

911

М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті студенттерінің командасы "ЕАЭО-дағы дауларды шешу-2022" халықаралық байқауының финалына өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық студенттер халықаралық байқаудың финалында

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша қазақстандық студенттер Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Армения, Қырғызстан жоғары оқу орындарының арасында бірінші орынға шықты.

Финалға шығу үшін КАЗГЮУ университеті командасы ауызша өткен раундтарда "Экономика Жоғары Мектебі" Ұлттық зерттеу университетінің (Ресей) командасымен жарысып, жеңіске жетті. Екінші финалист ретінде Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының (Ресей) командасы танылды.

КАЗГЮУ университеті командасының құрамында Алуа Садуова, Әділ Фазылжан, Диана Бектібаева, Жанель Байқонырова бар. Ал студенттерді дайындаған Assistant professor, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті Құқық жоғары мектебінің "Халықаралық құқық" білім беру бағдарламасының жетекшісі Абай Абылайұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу