Қазақстандық студенттер қауіпсіздік бойынша ТОП-10 үздіктер қатарында

618

ҚБТУ, ХАТУ, AITU және ЕҰУ студенттерінен құралған "scimus_verum" Қазақстан құрамасы Ресей CTF VI Кубогы – киберқауіпсіздік бойынша ірі турнирде 315 команда арасында іріктеу сатысынан өтіп, ширек (1/4)   финалға сәтті қатысты, деп жазады inbusiness.kz. 

Қазақстандық студенттер қауіпсіздік бойынша  ТОП-10 үздіктер қатарында Фото: «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры»

Турнир Capture the flag форматында өтеді. Мұндағы "Ақ хакерлер" командасының міндеті -қарсыласынан "туды" шынайы жағдайға  жақын тұрғыда жеңіп алу. Командалар таңбалардың ерекше комбинациясын (жалаушаны) иелену үшін қолданбалы тапсырмаларды орындайды.

"Ұйымдастырушылар біздің команданы өте жылы қарсы алды. Олар Қазақстан өнерін жоғары бағалады. Біз келесі жылы кубокты жеңіп алуға үміттенеміз", - деді Astana IT University Интеллектуалдық жүйелер және киберқауіпсіздік департаментінің профессоры Лаура Алдашева.

Қазақстан құрама командасы мүшелері:

1. Дәрменов Бекжан – AITU

2. Назаров Мұхамбет– AITU

3. Сайлауов Дидар – AITU

4. Базаргелдиев Ренат – ХАТУ

5. Тұрсынқұл Мағжан- ХАТУ

6. Қабыл Қанат – ҚБТУ

7. Қадыров Дамир – ЕҰУ

Команда капитаны Ренат Базаргелдиев ХАТУ студенті.

"Біздің жігіттердің ойлау жүйесі төрешілерге өте ұнады. Біз қазір қателіктер бойынша жұмыс жүргізіп, ұйымдастырушылар ұсынған биылғы және барлық өткен жылдардағы міндеттерді зерделейтін боламыз", - деді ХАТУ АҚ киберқауіпсіздік кафедрасының меңгерушісі Сәуле Аманжолова.

Турнирді Мәскеу қаласының ақпараттық технологиялар департаментінің қолдауымен Бүкілресейлік "Ресей тәлімгерлері" балалар мен жастар тәлімгерлерінің қоғамдық қозғалысы және Ақпараттық қауіпсіздік қызметтері басшыларының қауымдастығы ұйымдастырды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу