Бірінші курс студенттері қыркүйек айында шәкіртақы алмайтын болды

2577

Төлемдер айдың аяғында жүзеге асырылады.

Бірінші курс студенттері қыркүйек айында шәкіртақы алмайтын болды Фото: inbusiness.kz

"Қаржы орталығы" АҚ қазақстандық студенттердің шәкіртақысына қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство 2008 жылғы 7 ақпандағы қаулысымен бекітілген қағидаларға сәйкес, 2024-2025 оқу жылының бірінші семестрінің бірінші курсында білім алушыларға биылғы қыркүйек үшін мемлекеттік шәкіртақы төлеу есептерді тексергеннен кейін қазан айында жүзеге асырылатынан жеткізді.

"Сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттеріне қыркүйек айына шәкіртақы қазан айының соңында (қыркүйек-қазан) екі айға бірден төленетінін хабарлаймыз. Төлемдер айдың аяғында жүзеге асырылады. Ауысып жатқан курс студенттерінің контингентіне қыркүйекке мемлекеттік шәкіртақы төлеу ЖЖОКБҰ ұсынған есептерге сәйкес жүзеге асырылады. Яғни шәкіртақы қыркүйектің соңына дейін түседі", – деді "Қаржы орталығы" АҚ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу