Қазақстандық студенттер желкенді кемемен Атлант мұхитын кесіп өтті

174

Маршрут Африканың батыс жағалауындағы Кабо-Верде аралынан басталып, Кариб теңізіндегі Кюрасао аралында аяқталған. 

Қазақстандық студенттер желкенді кемемен Атлант мұхитын кесіп өтті Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазақстан-Британ техникалық университеті және Қазақстан теңіз академиясының екінші курс кадеттері Нидерландтың Eendracht желкенді кемесімен Атлант мұхитын еңсерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, бұл бірегей білім беру жобасы олардың теориялық және практикалық дайындығын біріктіріп, болашақ теңіз мансабына маңызды оқиға болды.

"Қазақстан теңіз академиясының екінші курс студенттері Атлант мұхиты арқылы 3191 теңіз милін (шамамен 5910 шақырым) артқа тастап, ерекше сапар жасады. Eendracht желкенді кемесімен саяхат Қазақстан теңіз академиясы мен STC Group арасындағы серіктестіктің арқасында ұйымдастырылды және оқу бағдарламасының маңызды бөлігіне айналды", – делінген хабарламада. 

"Маршрут Африканың батыс жағалауындағы Кабо-Верде аралынан басталып, Кариб теңізіндегі Кюрасао аралында аяқталған. Бұл тәжірибе кадеттерге мұхитта жүзу жағдайында теориялық білімдерін қолдануға мүмкіндік беріп, оларды оқытуда маңызды кезең болды", – дейді министрліктегілер.

Сапар барысында штурман-кадеттер тәулік бойы вахтаға шығып, астрономиялық навигациямен айналысты, ауа райының өзгерістерін бақылап, маршрутты дәл анықтау үшін әртүрлі навигация әдістерін қолданған. Сонымен қатар студенттер мұхиттың флорасы мен фаунасын зерттеп, киттер мен дельфиндермен кездесуді қоса алғанда көптеген қызықты жаңалықтар ашты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу