Қазақстандық студенттің өліміне кінәлі күдіктілер ұсталды

990

Польшадағы қазақстандық студенттің қазасына қатысты тергеу Қазақстанның Варшавадағы Елшілігінің ерекше бақылауында – СІМ.

Қазақстандық студенттің өліміне кінәлі күдіктілер ұсталды

Польшаның құқық қорғау органдары қазақстандық азаматты өлтірген күдікті мен оның серіктесін ұстады, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

"Біріншісіне кісі өлтірді деген айып тағылды, ал оның досы тергеуге кедергі келтірді және көмек көрсетпеді деп айыпталуда. Күдікті аңшы екені анықталды және қазақстандық студенттер тұрған жаққа оқ атқан. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде",– деп жазылған хабарламада.

Қазақстан тарапы Польша билігіне барынша мұқият тергеу жүргізуді және барлық кінәлілерді жазалау туралы өтініш білдірген. Қазіргі уақытта дипломаттар құжаттарды рәсімдеп, марқұмның денесін отанына жіберу бойынша шаралар қабылдауда.

"Қайтыс болған студенттің туыстары мен жақындары олардың сезімдері мен жеке өміріне қол сұқпау құқығын құрметтеуді, осы трагедия төңірегінде дүрліктірмеуді сұрайды",– дейді СІМ-нен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу