Қазақстандық суға жүзуші Аделаида Пчелинцева V Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп жазады inbusiness.kz Спортты дамыту дирекциясының әлеуметтік парақшасына сілтеме жасап.
Аделаида Пчелинцева 50 метрге брасс тәсілімен жүзу жарысында үздік нәтиже көрсетті.
Финалда бұл қашықтықты 31,71 секундта бағындырып, осылайша Ислам ойындарындағы рекордты жаңартты.
“Отандасымыз өзінің шеберлік деңгейін көрсетіп, ойындарда қарсыласқа шақ келтірмей, Түркия елінің спортшылары Гюнеш пен Саманчиді жеңіп алтын олжалады”,–деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу