Қазақстандық табақ шыны экспорты 30%-ға жетті

Мұндай сүйінші жаңалықты Үкімет отырысында OrdaGlass компаниясының өкілі Ғалымжан Қуатов мәлім етті.  

Қазақстандық табақ шыны экспорты 30%-ға жетті Фото: canva

Оның сөзінше, бұл газ бағасын жеңілдікпен пайдаланғанның және инженерлік инфрақұрылымды дамытудың нәтижесінде мүмкін болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, өңдеу өнеркәсібін дамыту шеңберінде табақ шыны импортын алмастыру үлесі 50,2%-ға дейін ұлғайып отыр. "China Glass Holdings Limited" халықаралық Холдингімен бірлесіп іске қосылған кәсіпорын жылына 197,1 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі – 42 млрд теңге. Өндірісте 347 адам жұмыспен қамтылған, оның 292-сі – жергілікті тұрғын. 

– Бізге мамандарды тарту мәселелерін шешуді және газ құнын төмендетуді қоса алғанда, тұрақты жұмысты қамтамасыз ету үшін елеулі көмек көрсетілді. Бұл соңғы 3 жылда шамамен 500 мың тонна шыны өндіруге мүмкіндік берді, бұл ретте көрсеткіш 12,9%-ға, 2023 жылғы 155 мың тоннадан 2025 жылы 175 мың тоннаға дейін өсті. Нәтижесінде 2025 жылы экспорт көлемі 95 мың тоннаға жетті, бұл 2023 жылғы деңгейден 30,5%-ға жоғары, – деді Ғалымжан Қуатов.

Отандық кварц құмын пайдалану және жүйелі қолдау арқасында зауыт жыл сайын өнім шығару көлемін ұлғайтып келеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын ішкі қажеттіліктерді ғана қамтып ғана қоймай (70%), сонымен қатар өнімдерді (30%) ТМД елдеріне, сонымен қатар, Польша, Эстония, Латвия және Швейцария нарықтарына экспорттап отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу