Қазақстандық таэквондошы "German Open G1" турнирінде чемпион атанды

695

74 келіде сынға түскен Лес Әбдусамат қарсылас шыдатпай, жарыс жеңімпазы атанды. Бұл қазақстандық жас спортшының халықаралық ірі турнирдегі алғашқы жеңісі. 

Қазақстандық таэквондошы "German Open G1" турнирінде чемпион атанды

Германияның Гамбург қаласында таэквондодан "German Open G1" рейтингілік турнирі өтуде. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 7 медаль жеңіп алды. Оның біреуі – алтын, алтауы – қола медаль, деп хабарлайды Olympic.kz. 

74 келіде сынға түскен Лес Әбдусамат қарсылас шыдатпай, жарыс жеңімпазы атанды. Бұл қазақстандық жас спортшының халықаралық ірі турнирдегі алғашқы жеңісі. 

Сондай-ақ, 54 келідегі Самат Темірхан мен Сапарғали Әбдірашев, 58 келідегі Елдос Ысқақ, 74 келідегі Нұрсұлтан Мамаев пен Нұрқанат Қожахмет және 73 келідегі Жансель Дениз рейтингілік турнирде үздік үштікке енді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу