Таеквондодан Қазақстан командасының мүшелері Руслан Жапаров пен Жансель Дениз Азия ойындарының жартылай финалына шықты деп хабарлайды Olympic.kz.
Жансель Дениз (+67 келі) ширек финалда Вьетнам спортшысын 16:1 есебімен ойсырата ұтты. 1/16 бәсекеде Дениз Филиппин спортшысынан басым түскен еді.
Жартылай финалда Жансель өзбекстандық Светлана Осиповамен кім мықтыны анықтайды.
Ал команда үздігі Руслан Жапаров (+80 келі) ширек финалдағы таиландтық қарсыласын 30:15 есебімен тізе бүктірген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу