Қазақстандық такси жүргізушілері табысы жағынан көрші елдерден озық тұр

174

Биыл такси қызметі 8,2%-ға өсті. 

Қазақстандық такси жүргізушілері табысы жағынан көрші елдерден озық тұр Фото: газета.ру

Numbeo сайтының мәліметінше, такси бағасы әсіресе Алматыда қатты өскен. Мегаполистегі жолаушылар таксидің әр жүріп өткен шақырымына 320 теңге төлейді екен. Астанада сәл арзандау. Бір шақырым жолдың құны – 285 теңге, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сарапшылар елде такси қызметінің 100 шақырымдық ақысы шамамен 20 мың теңгеге жуықтайды дейді.

Қазақстандық такси жүргізушілері табысы жағынан ТМД елдері арасында алғашқы үштікке енген. Қоғамдық көлік жолақысына қарағанда едәуір қымбат болса да, елімізде соңғы жылдары такси қызметіне сұраныс артқан. Мәселен, 2020 жылы такси қызметін тұтынушылар саны 1 жарым миллиондай болса, екі жыл ішінде жолаушылардың саны 3 миллионнан асқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу