Қазақстандық танкішілер жеке жарыста мәреге екінші болып жетті

551

Бүгін біздің танк экипажымыз Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан командаларына қарсы тартысты күресте ресейлік әріптестеріне жол беріп, екінші орынды иеленді.  

Қазақстандық танкішілер жеке жарыста мәреге екінші болып жетті

Қазақстандық танкішілер сайысыта Т-72Б3 танкісімен өнер көрсетіп, екінші орынға сенімді түрде табан тіреді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

Жеке жарыстар ағымдағы жылдың 26 және 27 тамызында жалғасады. Бұл күндері жартылай финалға шығу үшін қалған екі қазақстандық экипаж тартысты шайқасты жалғастырады. Біздің команданың ағымдағы нәтижелерді жақсартып, жүлделі орындарға қол жеткізуге барлық мүмкіндіктері бар.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық танк экипажы 2020 жылғы Армия халықаралық ойындарының "Танк биатлоны" сайысына қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу