Қаралы хабарды Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Маралжан Мырзақұлованың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына, жора-жолдастарына және барша жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Маралжан Мырзақұлова – өнер мен мәдениетке сіңірген еңбегімен ел есінде мәңгі қалатын жарқын тұлға. Оның жарқын бейнесі, кәсіби шеберлігі мен адамгершілігі жұртшылықтың жүрегінде сақталады", – деп жазған театр әкімшілігі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу