Қазақстандық тауар биржалары арқылы ондаған миллиард рубль сыртқа шығарылған

1120

Тауар биржаларының жарғылық капиталын 700 мың АЕК-ке көтеру ұсынылды. 

Қазақстандық тауар биржалары арқылы ондаған миллиард рубль сыртқа шығарылған

Ресейден қомақты қаражатты сыртқа шығарғысы келген топ қазақстандық тауар биржасын бүркеніш ретінде пайдаланған. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Open space форматындағы мәжілісінде Қазақстан тауар биржалары қауымдастығының президенті Рамиз Аллахвердиев осындай ақпарат айтты. 

"Биыл Ресей Федерациясында екі қазақстандық тауар биржасы арқылы  ондаған миллиард рубль ақша жымқыру дерегі бойынша іс қозғалды. Яғни қазақстандық биржалар арқылы Ресей Федерациясынан ірі көлемде ақша шығарылған. Қазір осы іс бойынша дау жүріп жатыр. Мұның өзі біздегі тауар биржаларына бақылауды күшейту керек екенін меңзейді. Осы сияқты оқиғалардың бәрі биржа саудасының дамуын тежеп, отандық биржа нарығын жағымсыз жағынан танытады. Біз биржа нарығындағы ойыншыларға қойылатын талаптарды қатаңдату керек деп есептейміз. Ондай талаптың бірі – биржалардың ақшалай жарғылық капиталын 700 мың есептік көрсеткішке дейін көтеру. Бұл капитал түрлі бағалаулар мен платформалардың қорытындысы бойынша емес, нақты ақшалай көлеммен есептелу керек. 700 мың есептік көрсеткіш деңгейіне жету 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен орындалуы керек", – деді биржа нарығының өкілі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу