Қазақстандық тауарлар Alibaba онлайн платформасына шығарылады

660

Отандық 100 өндіруші өз өнімдерін Қытайдың ең ірі электронды сауда алаңында сатпақ. 

Қазақстандық тауарлар Alibaba онлайн платформасына шығарылады

Қазақстандық бизнес пен интернет алпауытының арасындағы серіктестікті ретке келтіруге ҚР Сауда және интеграция министрлігі көмектеспек, деп хабарлайды Қытайдың CGTN басылымы. 

Халықаралық электронды алаңына енуге 600-ге жуық отандық кәсіпорын қызығушылық танытқан. Әзірге тек 50-і іріктеліп алынды, кейін тағы 50-і қосылады. 

Сауда саясатын дамыту орталығы E-commerce департаментінің директоры Ернар Бақтияровтың айтуынша, алтын аккаунты бар қазақстандық тауар өндірушілерінің Alibaba-да арнайы мини-сайттары болады. Мұндай сайттардың артықшылығы көп: тауарды сатып алушылар санын көбейтеді. Мысалы: бір импортер Alibaba сайтынан ұн сатып алғысы келсе, қазақстандық тауар тізімнің бас жағында тұратын болады. 

Жылдың соңына дейін қазақстандық кәсіпорындарға 100 алтын сертификат табысталмақ. Мұның арқасында Alibaba-да елімізден шығарылған өнімдердің бөлек павильоны құрылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу