Қазақстанда өндірілген өнімнің 58%-ы экспортқа шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Qaztrade сараптамалық орталығына сілтеме жасап.
Қазақстандық тауарлар негізгінен Қытай, Италия және Ресейге экспортталады.
Сонымен қатар биыл Қытайға, ЕО елдеріне және Орталық Азияға тауар тасымалы айтарлықтай өскен. Экспорттың жалпы көлеміндегі өңделген тауарлардың үлесі 30,3%-ды құрады. Биыл тауар нарықтарының саны 114-тен 121-ге дейін ұлғайды.
Өңделген тауарлар экспорты 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 37,5%-ға артты.
Өнеркәсіптік (+34,2%) және ауыл шаруашылығы (+83,1%) тауарларының шикізаттық емес экспорты өсті. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында қызметтер экспорты 21,7%-ға жоғарылады.
Экспортталатын қызметтердің негізгі түрлері көлік қызметі, саяхат және басқа да іскерлік жұмыстар.