Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тың Matchplay 120 додасының қатысушысы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жарыс көрермендерсіз барлық сақтық шараларын қатаң сақтанумен өтеді. Сонымен қатар, аталған турнирге кейбір төрешілер мен болбой да қатыспайды. Қазіргі таңда Попко үш кездесу өткізіп үлгерді.
Ойын нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз:
Дмитрий Попко (Қазақстан) – Маккензи Макдональд (АҚШ) - 6:4, 6:3.
Дмитрий Попко (Қазақстан) – Роберто Сид (Доминика республикасы) - 6:3, 3:6, 6:1.
Дмитрий Попко (Қазақстан) – Бьорн Фратанджело (АҚШ) - 6:1, 6:3.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу