Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына өтті

417

Дмитрий Попко жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелді. 

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына өтті Фото: ktf.kz

Дмитрий Попко АҚШ-тағы Палм-Коуст ITF турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алдымен дүниежүзілік рейтингіде 1 238-орында тұрған америкалық Александер Разегиді тізе бүктірді – 6:4, 6:4. 

Попко екінші айналымда тағы бір америкалық, рейтингіде 781-орындағы Феликс Корвиннен дәл сондай есеппен айласын асырды.  

Дмитрий жартылай финалға шығу үшін әлемнің 821-ракеткасы, АҚШ өкілі Аксель Нефвемен таласады.  

Қазақстандық теннисші бір апта бұрын Санрайздағы дәл осындай додада жеңімпаз атанған еді. Соның барысында А.Нефвені 6:7 (9:11), 7:5, 6:2 есебімен жеңген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу