Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева қытайлық Эсинь Мамен бірге Антальяда ITF сериясындағы турнирде жеңіпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық-қытайлық жұп финалда ресейлік дуэт Анна Уреке мен Ксения Ласкутованы 6:4, 6:2 есебімен жеңді.
Айта кетейік, жекелей сында қазақстандық теннисші италиялық Николь Фосса Хуэргодан жеңіліп, жарысты екінші айналымда аяқтады.
Құламбаева бұған дейін Қытайдағы ITF турнирінің абсолют чемпионы атанған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу